«Жаңа оқу жылы бакалавриатта - 3, магистратурада - 4, докторантурада - 6 мамандық ашылды. Атап айтқанда, бакалавриатта - дизайн, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, логистика. Магистратурада - есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, мұнайхимиясы, геоэкология және табиғатты падалануды басқару. Докторантурада - қаржы, есептеу техгникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, информатика, есептеу техникасы және басқару, педагогика және психология, туризм, логистика. Сондай-ақ жаңадан тағы 17 мамандықты ашуға құжаттар берілді», - дейді әл-Фраби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқу жұмысы жөніндегі проректоры Гүлнәр Балақаева.
Оның айтуынша, жаңа оқу жылында университет негізгі басымдыққа сай келмейтін бірқатар педагогикалық оқу орындары мамандандықтары бойынша талапкерлер қабылдаудан бас тартқан. Қазір зерттеу университетіне қарай бағытталған оларға биылғы жылы талапкерлерді қабылдау сапасы айтарлықтай өсіп отыр. Тамыздың 23-і күнгі мәлімет бойынша білім берудің 3 сатысы бойынша бакалавриат, магистратура және PhD докторантураға 4001 адам білім беру грантымен оқуға қабылданған. Бұдан бөлек 871 Алтын белгі иегерлері, халықаралық, республикалық және әл-Фараби олимпиадаларының жеңімпаздары бар. Ал ақылы бөлімге қабылданудағы ең төменгі балл тарих және географиядан басқа факультеттерде 70 баллды құрап отыр.