Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Scopus Award-2018 сыйлығына ие болды
Қазақстанда тұңғыш рет болып өткен Scopus Award-2018 сыйлығын марапаттау рәсімінде еліміздің ең үздік авторлары мен ғылыми-зерттеу ұйымдары ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды. Бұл - ғалымдар мен университеттерді белсенді ғылыми қызметке ынталандыруға бағытталған «Elsevier» халықаралық компаниясының беделді әлемдік ғылыми сыйлығы.
Бұдан басқа, университет ғалымдары тоғыз номинацияның алтауы бойынша марапатталды.
Осылайша, биыл ҚазҰУ жетекші халықаралық дерекқорлар - Scopus және Web of Science ғылыми журналдарындағы жарияланымдар саны бойынша Қазақстанның көшбасшысы болып танылды. Бұл жетістіктер университеттің әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналуы мен ғылымды интернационалдандыру саясатының нәтижесі болып табылады.