Әл-Каида АҚШ-қа кезекті лаңкестік шабуылын жасамақ

АСТАНА. 25 шілде. ҚазАқпарат - Әл-Каида АҚШ-қа кезекті лаңкестік шабуылын жасамақ. Мұндай мәлімдемені лаңкестік ұйымның ирактік ұяшығының басшысы Әбу Бакр әл-Бағдади жасады,  деп хабарлайды Утро.ру NBC-ке сілтеме жасап.

«Таяу аралықта сіздер отандарыңыздың қақ жүрегінде оған (лаңкестік әрекетке) куә боласыздар. Өйткені сіздермен біздің соғысымыз енді ғана басталды. Оларды күтіңдер», - дейді әл-Бағдади «Әл-Каида» таратқан аудиожазбада.

Оның атап өтуінше, қазірдің өзінде лаңкестер Америкаға жол тартқан. «Моджахедтер қазірдің өзінде-ақ сендердің қашқын армияларыңның ізіне түсу үшін жорыққа шықты. Олардың сендерді Усамадан да (бен Ладен) қатаң жазалауға ант етті», - дейді лаңкестер басшысы.

Дегенмен АҚШ-тың құқық қорғау органдары бұл жазбаны «Әл-Каиданың» кезекті қоқан-лоққысы деп бағалап отыр.