«Әл-Каида» Charlie Hebdo оқиғасына жауапкершілікті мойнына алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Йемендегі «Әл-Каида» бөлімшесі - «Арабия жарты аралындағы Әль-Каида» Франциядағы Charlie Hebdo сатиралық журналы редакциясына шабуыл жасағаны үшін жауапкершілікті мойындарына алды, деп хабарлады ВВС.

Топ оның өкілі «Әл-Каида» бас көшбасшысы Айман Завахири Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарға тіл тигізген журналға шабуыл жасауға бұйрық бергенін хабарлаған бейне үндеуді жариялады.

Бұдан бұрын Charlie Hebdo-ға шабуылдаған ағайынды Кувашидердің бірі - Шерифтің «Арабия жарты аралында Әл-Каиданың» атынан шыққанын хабарлаған бейнетүсірілімі пайда болған. Алайда «Әл-Каида» бұған дейін жауапкершілікті мойындарына алмаған болатын. Шабуыл салдарынан 12 адам көз жұмған.