Рейтер агенттігіне сілтеме жасай отырып, Би-Би-Си агенттігі хабарлағандай, мәлімдеме 3 мамыр күні исламистік сайттардың біріне жарияланған, оны интернетке мониторинг жүргізу жөніндегі американдық SITE тобы көрген.
Мәлімдемеде «Әл-Каида» «бен Ладенннің қаны үшін» кек алуға мүдделі екені және АҚШ пен оның одақтастарына шабуыл жасауды жалғастыратындығы жазылған.