Газетте жарияланған мәліметтерге қарағанда, Бішкек қаласында 43 жастағы Түркия азаматы, батыс газеттері «түріктің экстремистік топтарының дауысы» деп атаған Әли Осман Зор тұтқындалған.
Баспасөздің хабарлауынша, Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті тұтқындау фактісін растап отырғанымен, қандай да бір мәлімдеме беруден бас тартқан.
Кейбір деректерге қарағанда Қырғызстанда Әли Осман Зор түрік тіліндегі бірнеше баспа және интернет ақпарат құралдарының, оның ішінде оппозициялық Baran журналының мүддесін алға қойған.
Әли Осман Зор ресми Анкара оны экстрадициялау жөнінде Қырғызстан Бас прокуратурасына сұраным жолдағаннан кейін 2011 жылдың 2 мамырында тұтқындалған.
Түркия тарапы оны лаңкестерге қамқорлық жасады деген күдікпен айыптауда.