13:56, 21 Сәуір 2009
«Әл-Қайеда» балаларды лаңкестік іс-әрекеттерге дайындауда
БАҒДАД. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат – «Әл-Қайеда» ұйымы Иракта кәмелетке толмаған балаларды лаңкестік іс-әрекеттерге дайындауда.
Ирактың арнайы қызметтері 14 жасқа толмаған 4 баланы ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.Сөз болып отырған балалар «Жұмақ құстары» атымен танымал топтың мүшелері. Олар жасырыну шеберлігін жақсы меңгеріп, лаңкестік әрекеттерді ұйымдастыруға бірнеше рет қатысқан. Әскерилердің пікірінше, «Әл-Қайеда» балаларға полиция аса көңіл аудармайды деген оймен пайдаланған.