16:16, 17 Маусым 2009
Әл-Куәйтте Азия Олимпиада кеңесінің басшылары мен 2011 жылғы VII қысқы Азия ойындары ұйымдастыру комитетінің мүшелері арасында келіссөздер өтті
АСТАНА. Маусымның 17-сы. ҚазАқпарат – Куәйттің астанасы Әл-Куәйт қаласында Азия Олимпиада кеңесінің басшылары мен 2011 жылғы VII қысқы Азия ойындары ұйымдастыру комитетінің мүшелері арасында келіссөздер өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «VII қысқы Азия ойындары ұйымдастыру комитеті атқару дирекциясы» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесу барысында ұйымдастыру комитеті атқару дирекциясының вице-президенті Серік Құлмырзаев Ойындарды өткізуге арналып салынып және қайта құрылып жатқан нысандар төңірегіндегі ағымдағы жағдай туралы Азия Олимпиада кеңесінің бас директоры Хуссейн әл-Муссаламді хабардар етті. Сонымен қатар, шілденің 1-інде Сингапурде Азия Олимпиадасы кеңесінің алдағы XXVIII бас ассамблеясына даярлық туралы әңгіме болды.Қазақстандық тарап іске асырып жатқан мынадай: «Мәдени Азиада» және «Олимпиада алауының эстафетасы» екі нысанының таныстырылымы және талқылануы кездесудің тағы бір тақырыбына айналды. Сол күні кешке қазақстандық делегацияны Азия Олимпиадасы кеңесінің президенті, Куәйт үкіметінің вице-премьері, шейх Ахмад әл-Фахад әл-Сабах қабылдады. Ол шейх VII қысқы Азия ойындарын өткізуге тікелей өзі жан-жақты қолдау көрсететініне сендірді.Кездесу соңында Әл-Сабах мырза қазақстандық тарапқа ҚР Премьер-Министрі, VII қысқы Азия ойындары ұйымдастыру комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовтың атына екі құжат берді. Әңгіме мәдени Азиада бағдарламасын бекітетін, сондай-ақ Олимпиада алауы эстафетасының регламентін бекітетін келісу хаты туралы болып отыр.