Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев айтты.
Оның сөзінше, аталмыш шара барысында қазақстандық делегацияны еліміздің Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай басқаруда. «Азиялық ынтымақтастық диалогы - саяси және экономикалық ынтымақтастықтың сан қырлы бағыттары бойынша Азиядағы өзара іс-қимылға қатысты мәселелерді қарастыратын ұйым.
Қазақстан аталмыш ұйымға 2003 жылдан бастап мүше. Еліміз осы ұйым шеңберінде Азия аймағында әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуде ортақ көзқарастарды қалыптастыру және пайдалану мен бірлескен жобаларды іске асырады», - дейді ресми өкіл.
Оның сөзінше, Азиялық ынтымақтастық диалогы шеңберінде Қазақстан үшін басым бағыттар - энергетика, көлік қатынасы мен ауыл шаруашылығы болып отыр. Әл-Куәйттегі жиын ертең де жалғасады.