Реттеуші органдар тарапынан рұқсат алынған жағдайда «Альнаир» АҚ-ы банктің 28,57 жәй акциясына иелік етпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің жұртшылықпен байланыс қызметіне сілтеме жасап.
Банктің қоғаммен байланыс қызметінің хабарлауынша, бұл сатып алу келісімі банктің басқа ірі акционерлерінің үлестеріне әсер етпейді. Қазіргі таңда Нұржан Субханбердин, «Орталық-Азиялық инвестициялық компаниясы» АҚ, Еуропалық қайта құру және даму банкі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ банктің ірі акционерлері болып табылады. Банктің қосымша акцияларын сатып алуға қол жеткізген «Альнаир»АҚ-та банктің акционерлерінің бірі болып табылды.