Осы аймаққа көршілес Савойя департаментінің спорттық және әкімшілік мекемелері сенбіде күні бойы қиын жағдайда қалғандарға көмек қолын созумен болды. Жергілікті билік өкілдері көліктерін қысқы дөңгелектермен қамтымаған туристерге шипажайларға қарай жолға шығуға рұқсат етпейтінін айтуда. Мамандардың айтуынша, Альпі тауларындағы ауа райы жексенбі күні де жақсармайды.
09:16, 28 Желтоқсан 2014
Альпі тауларында 15 мың автокөлік қар құрсауында қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның Рона-Альпі өңіріндегі таулы аймақтарда 15 мыңнан кем емес көлік қарға бөгеліп қалған. Ал бір жүргізуші көлігінің Изер департаментіндегі шатқалға құлап кетуі салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды ВВС.