Франс Пресс агенттігінің хабарлауынша, екі альпинист Австрияның оңтүстігіндегі Трофайах қаласына жақын жердегі құтқарушылардан көмек сұраған. Полиция қызметкері тікұшақпен төменге түсіп, екеуін көтеріп алуға тиіс болған.
Тікұшаққа бекітілген арқан салмақты көтере алмай үзіліп кеткен, соның салдарынан үшеуі де биіктіктен шатқалға құлады. Ер азамат ауыр жарақат алды.
Агенттік олардың есімдері мен азаматтықтары әзірге аталмай отырғандығын мәлімдейді.