Альпі тауларында ұшақ құлап 4 адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцарияның Альпі тауларындағы мұздықтардың басына жеңіл моторлы ұшақ соғылып, 4 адам құрбан болды, деп хабарлайды belta.by.

Ұшақ Оңтүстіктегі Вале кантонындағы Дунанд шатқалында теңіз деңгейінен 3300 метр биіктікке құлады. Құлаған Францияда шығарылған 4 орындық ұшақ болатын. Ол серуендеп қайту үшін Сьон қаласының әуежайынан ұшып шыққан.

Қайғылы жағдай жөнінде хабар жетісімен билік өкілдері оқиға орнына құтқарушы команданы жіберген. Олар ұшқыш пен үш жолаушының денелерін тапты.

Апаттың себеп-салдары әзірге белгісіз, мерт болғандар да әзірге толық тексеріліп үлгерген жоқ.