1918 жылы 3 қыркүйекте Италиядағы биіктігі 3600 метр Альпі тауында Италия мен Австрия арасындағы соғыс басталып, соңында австриялық әскер жеңіске жеткен болатын. Сол кезде қаза тапқан әскерилердің бір бөлігі қардың астында көміліп қала берген.
Бір ғасырға тарта уақыт өткен соң, таудағы мұз еріп, сол кезде аталған мәйіттер табылған. Сондай-ақ кейбір мүрделердің қасындағы заттардың арасынан ашылмаған хаттар да табылған екен.
«Марқұмдардың денелері сау күйінде сақталған. Оларға ДНҚ сараптамасын жасауға болады. Соған қарамастан, қаза тапқандардың нақты кім екендігін анықтау әлі де қиын болып отыр» делінген жапондық сайт таратқан хабарламада.