Альпі тауында көшкін салдарынан 6 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Альпі тауында көшкіннен кейін 6 француз тау шаңғышысының мүрдесі табылды. Бұл туралы Гап қаласының префектурасынан хабарланды.

Оқиға өткен сенбі күні Кейрас таулы жердің маңында Жоғарғы Альпы департаментінде болған. Алты кәсіби тау шаңғышы таңертең трекке шыққан. Түстен кейін базаға келуі тиіс еді, алайда оралмады. Оларды іздеуге тікұшақ жіберілді.

«Ауа райы қолайлы болған еді, мұндай көшкін болады деп ешкім ойламаған», - деп атап өтті префектурада.

Тау шаңғы маусымы басталғалы Француз Альптерінде көшкін салдарынан оннан астам адам қаза тапты, деп жазады шетелдік БАҚ.