Ол сенбі күні таңертең қонақүйден шығып кеткен, бірақ кешкісін Швейцарияның шекарадағы Церматт кентінде белгіленген кездесуге бармаған. Миллиардердің отбасы іздеу операциясына ірі сомада ақша бөлгенін мәлім етті, алайда құтқарушылардың жұмысына ауа райының қолайсыздығы кедергі келтіруде.
Карл-Эриван Хауб Tengelmann холдингін басқарады. Оның қарамағында бірқатар сауда желілері, соның ішінде Obi мен Plus бар.