Бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихаты кезінде 7-Қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің вице-президенті Евгений Никитинский бұл шараға "қысқы спорт түрлерін дамыту мен насихаттауда тарихта қалатын маңызы зор үлкен оқиға" деп баға берді.
«Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізовтың сөзіне қарағанда, бұл шара Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналды. Оны альпинистер Қазақстанда тұңғыш рет өтіп отырған қысқы Азия ойындарына қатысушы ұлттық құраманы қолдауға бағыттап отыр. Бұл экспедицияға 15 альпинист қатысып, Хан Тәңірі шыңына олар 8-20 қаңтар күндері Қырғыз Республикасының аумағы арқылы көтерілді. Алайда олардың арасынан шыңға Қазақстанныңт туы мен 7-Қысқы Азия ойындарының жалауын жебірету бақытына Александр Сафрыгин, Василий Пивцов және Ильдар Ғаббасов қана ие болған.
Е.Никитинскийдің пікірінше, бұл сапар қысқы спорт түрлерін насихаттау мен дамытуда тарихта қалатын ерекше шара. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, зор табандылық пен қажымас қайрат танытқан альпинисте діттеген мақсатына қол жеткізді. Бұл ұлттық құрама үшін үлкен сыйлық болды.