Альпинистерді іздестіру: Мақсұт Жұмаев бүгінгі жұмыстардың нәтижесін айтты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі, капитан Мақсұт Жұмаев Қырғызстан тауларында жоғалған қазақстандық альпинистерді іздестіру жұмыстарының бүгінгі нәтижесі туралы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Таңертең Жеңіс шыңын тікұшақпен аралапшықтық. Жоғалған альпинистерді іздестірудің болжамды территориясы белгіленді. Олжерге тікұшақтармен сегіз рет шолу жүргіздік. Альпинистер болуы мүмкін жерлердіқарауды таңертең жалғастыру шешімі қабылданды. Жұмыстар жалғасуда. Ауа райыжағдайы да бұған мүмкіндік беріп отыр. Ертең таңертең күн райына қарай қайтаұшамыз», - деді ол ҚР Қорғаныс министрлігі ұсынған видеода.

Министрлік бұған дейін ұсынған мәліметте Қазақстан әскерилері ҚырғызстандаЖеңіс шыңын тепловизормен шолғындап, айналаұшып шыққанын мәлім еткен болатын. «Қазіргі уақытта олар базалық лагерьде.Тепловизордың көмегімен алынған ақпаратты өңдеп жатыр. Содан кейін бұдан әріқалай әрекет ету керектігі шешілетін болады», - делінген еді ақпаратта.

Еске салсақ, алматылық альпинистер Мұрат Өтепбаев, Андрей Корнеев жәнеАлександр Чечулин Қырғыз тауларында жоғалып кетті. Алматы қаласының әкіміБақытжан Сағынтаев альпинистер тобының із-түзсіз кетуіне қатысты Instagramпарақшасында алаңдаушылық білдірді. Кейінірек құзға өрмелеушілердің бірінің қызы әлеуметтікжелі арқылы қалың көпшіліктен көмек сұрады. Көп ұзамай ҚР Қорғаныс министрлігі альпинистерді құтқару операциясын бастағанын мәліметті. Құтқарушылар тобына әйгілі альпинист МақсұтЖұмаев жетекшілік етуде.

ҚР Сыртқыістер министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2019 жылдың 17тамызында Бішкектегі қазақстандық консулдыққа Қазақстанның 3 альпинисіТянь-Шань тауының (Қырғызстан, Ыстықкөл облысы) Жеңіс шыңында жоғалыпкеткендігі туралы ақпарат түсті. Қазақстан азаматтары Мұрат Өтепбаев, АндрейКорнеев және Александр Чечулиннің 4 тамыз күні Жеңіс шыңына сапарлап шыққандығыанықталды. Олардың барлығы да кәсіби және тәжірибелі альпинистер. 14тамызда олар аталған шыңды бағындырған. Солкүні ауа райы нашарлап кеткен.

Альпинистер15 тамыз күні шамамен сағат 08.15-те соңғы рет байланысқа шығып, орын алғанжайтқа қатысты дабыл қаққан. Сондай-ақ, олар А.Чечулиннің қазатапқандығын естірткен. Альпинистер дабыл қаққан сәтте олар 6 900 метр биіктіктеболған. Шатырлары мен жабдықтарын жел ұшырып кеткен. Олар қардан шұңқыр қазып,соған жасырынғандықтарын айтқан.

Соңғы жаңалықтар