Альпинистерді құтқару: Құтқарушылар тікұшағы Қарқараға қонды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тянь-Шань тауының Қырғызстан жағында қалған альпинистерді құтқару үшін ҚР Қорғаныс министрлігі жіберген әскери альпинистер Қарқара биігіне қонды. Бұл туралы ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстанның әскери альпинистер тобы толық құраммен 2200метр биіктіктегі Қарқара шатқалына, Жеңіс шыңының базалық лагеріне жетті. Тауда ауа-райы құбылмалы.Сондықтан, тікұшақ бұл нүктеден биікке көтеріле алмады», делінген министрліктаратқан ақпаратта.

Баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, 14 тамыздан беріТянь-Шаньның солтүстік және оңтүстік мұздықтарда жауын-шашын толастамаған.Беткейлерде терең қар жамылғысы пайда болып, көшкін қаупі туындаған. Құтқарушылар күн ашылған жағдайда алпинистреді тепловизордың көмегімен іздеуүшін Қарқарада аялдауда. Альпинистертабылған жағдайда, бірінші кезекте дәрі-дәрмектер тасталады. Дәл қазір биікке өрмелеудіңпайдасы жоқ. Күн ашылмайынша, таудың қуыс-қуысынан альпинистерді табу мүмкінемес», - дейді құтқару операциясының жетекшісі аға лейтенант Василий Пивцов.

Әскери альпинистер күн ашылған бойда тікұшақпен іздеугешықпақ. Соңғы рет жоғалған альпинистер 6500 метр биіктіктен байланысқа шыққанболатын.

Еске салсақ, алматылық альпинистер тобы Қырғыз тауларында жоғалған.Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тауда қазақстандық альпинистертобының жоғалып кетуіне қатысты Instagram парақшасында алаңдаушылықбілдірді. Кейінірек жоғалған альпинистердің бірінің қызы әлеуметтік желі арқылы қалыңкөпшіліктен көмек сұрады. Сондай-ақ, ҚР Қорғаныс министрлігі альпинистерді құтқару операциясын бастады.

Соңғы жаңалықтар