Альпы тауында 5 франциялық сарбаз қар көшкіні астында қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Альпы тауында өтіп жатқан оқу-жаттығу кезінде қар көшкіні жүріп, 5 француз сарбазы қар астында қалды, деп жазады Би-би-си.

Көшкін Италиямен шекараға таяу жердегі Вальфрежюс қаласының маңында болған. Ол жерде 50 сарбаз жаттығудан өтіп жатқан.

Аман қалғандарды іздеу үшін тікұшақтар мен қызметтік иттер тартылды.

Бұдан басқа 4 сарбаз жапа шегіп, таяу маңдағы Модан қаласының ауруханасына жатқызылды.