АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» велошабандозы Микеле Скарпони «Альпы Турының» бірінші кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ол ұлыбританиялық Герайнт Томасты (екінші орын) және француздық Тибо Пиноны (үшінші орын) басып озды.
Сонымен қатар «Астана» командасының тағы бір велошабандозы Дарио Катальдо мәре сызығын алтыншы болып кесіп өтті.
Айта кетейік, Скарпони мен Катальдодан басқа «Астана» құрамасында Жандос Бижігітов, Сергей Чернецкий, Морено Мозер, Луис Леон Санчес, Паоло Тиралонго және Андрей Зейцтер өнер көрсетуде.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.