«Францияның «Альстом» компаниясымен электр қозғалтқыш қуатымен жүретін локомотив шығаратын зауыт құрылады. Бұл зауыттың құрылысын биыл бастаймыз. Жұмыстардың барлығын 2012 жылы аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз»,-деді Е. Қизатов.
«Осы арқылы біз жүк және жолаушылар вагондарын тасымалдайтын жылжымалы құрамды қамтамасыз ету мәселесін толық шешіп отырмыз. Яғни, бұл тұрғыда еліміздің әлеуеті артып отыр»,-деді вице-президент.
Айта кетейік, елорда маңындағы индустриялдық парк аумағында бүгінде «Локомотив құрастыру зауыты» орналасқан. Сонымен қатар осы жерде желтоқсан айында «Тальго» жолаушылар вагонын шағаратын зауыт іске қосылады.