АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль Альварестің пікірінше, орта салмақтағы IBF/IBO/WBA/WBC нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен болатын кездесу салмақ дәрежесіне қарамастан ең мықты боксшының кім екенін көрсетіп береді, деп жазады sports.kz.
«Бұл туралы жанкүйерлер мен БАҚ өкілдері де айтып жатыр. Олар осы жолғы кездесу әлемдегі ең мықты екі боксшының жекпе-жегі болуы мүмкін екендігін айтуда. Мен бұл пікірмен келісемін. Осы жекпе-жектің жеңімпазы әлемнің ең мықты боксшысы болуы керек»,-деген сөзін келтіреді Альварестің BoxingScene.
Головкин-Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.
Айдар Оспаналиев
2000 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Журналистика саласында 2000-шы жылдан бері қызмет етіп келеді.