Альварес қорқуды білмейтін жауынгер - Головкин

АСТАНА. ҚазАқпрат - Орта салмақта WBA, WBC, IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен алдағы айқасы Джейкобспен болған жекпе-жегінен де қызық болатындығын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

«Алдағы жекпе-жек менің ең үлкен айқасым болып есептеледі. Физикалық тұрғысынан біз стандартты дайындық лагерінен өттік, алайда стрегиялық жоспарда бәрі басқаша. Канеломен айқас жақын қашықтықта болады деген ойдамын. Бұл жекепе-жек Джейкобспен айқастан қызық болады, өйткені ол мексикалық. Альварес қорқуды білмейтін жауынгер», - деп келтіреді Головкиннің сөзін BoxingScene.