Альварес: Рингте Головкиннен бір қадам алда боламын

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық Сауль Альварес Лас-Вегасқа Геннадий Головкинмен жұдырық түйістіру үшін ресми түрде келген бетінде 16 қыркүйек күні қарсыласының әрбір қимылын оқып отыратынын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

«Головкиннің мықты боксшы екенін білемін, ол менің кәсіби мансабымдағы ең қауіпті қарсылас, бірақ мен оған дайынмын. Біз бұған дайындалдық, сондай-ақ фанаттарға тартымды жекпе-жек сыйлауға әзірміз», - деді Альварес.

Альварестің сөзіне қарағанда, ол толқып жүр, бірақ жекпе-жекті тағатсыздана күтуде.

«Мен қашанда лагерьдегі жаттығуларға барымды саламын, рингте Геннадийден бір қадам алда болу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын. Біздің сенбідегі айқасымыз бокс тарихындағы ең ірі кездесулердің бірі болатыны сөзсіз», деп жазады Саульдың сөзін Boxingscene.com.