«Ашығын айту керек, рематч бойынша келіссөздер ұзарып кетсе, Альварес қулық жасап, басымдыққа ие болып кетуі әбден мүмкін. Себебі оны тұрақты тест тапсыруға міндеттеген жоқ. Невада штатының комиссиясы оны алты айға шеттетті. Шешім шығарылды, енді оны өзгерте алмайды. Сосын Альварес допинг-тесттерді ерікті түрде тапсыру бағдарламасына да тіркелмеген. Демек, қазір-ақ допингті қабылдай алады», - деп жазды К.Йол.
Оның сөзіне қарағанда, бокста допинг тестілеу жүйесі толыққанды жұмыс істеп жатқан жоқ. «Дегенмен, Альварес ерікті түрде тест тапсыруды бастауға міндетті. Өзіне қатысты ақпараттарды жоққа шығарамын, таза екенін дәделдеймін десе, ешқандай проблема болмайтын шығар. Бұған дейін жанкүйерлерді алдамаса, тест тапсыруды бастайды. Ал ерікті тестілеуге қатыспаса, онда Альварес халықты алдайтын тәсілді тапқан тәрізді»,-дейді автор.
Айта кетейік, жақында GGG-дің промоутері Том Леффлер Головкин-Альварес реваншы бойынша келіссөздердің басталатынын растады.Оның айтуынша, Альварес допинг бағдарламасына кіргеннен кейін ғана реванш туралы келісімшартты рәсімдеуге болады. Алайда «Канелоның» командасы алдымен келісімшартты рәсімдеп алайық дейді. Содан кейін Альварес допинг тесттерді тапсыруды бастайды.