«Біз қарымта айқасты неғұрлым тезірек өткізгіміз келеді. Айқасты жарнамалауға қанша көп уақытыңыз болса, жекпе-жек соншалықты сәтті өтеді. Мен Эрик Гомеспен келіссөздер жүргізіп жатырмын және барлығы біздің келісе алуымызға байланысты болып отыр. Егер келісе алмасақ, Геннадий үшін өзге жақсы вариантты іздеуге тура келеді», - деді Леффлер UCNLive.com-ға берген сұхбатында.
«Канеломен» реванш Геннадий үшін басымдыққа ие, себебі ол бірінші айқаста жеңіске жеттім деп сезінеді және оның титулдары бұрынғыша өзінде. «Канело» да екінші айқаста жақсы өнер көрсететінін дәлелдегісі келеді деп ойлаймын. Дэниел Джейкобс және Сауль Альварес сияқты қарсыластармен әдеттегі кестені қолдана алмаймыз. Барлығы бізге байланысты емес. Бірақ, атап өткенімдей, Геннадий мамырға дейін күте тұрады, жақында бір айқындық болып қалар. Егер болмаса, басқа нұсқалар іздейміз», - деп атап өтті қазақстандықтың промоутері.
Сондай-ақ ол Альвареспен реванш мамырда өтпейтін болса, GGG-дің жекпе-жегін 2018 жылдың бірінші тоқсанында ұйымдастыру үшін барын салатынын мәлімдеді.