"Ертең Бобиржан Моминов Альварестің Калифорниядағы жаттығу лагеріне аттанады. Кәсіби бокста Моминов үш рет жеңіске жеткен. Үшеуі де нокаутпен аяқталды", - делінген xабарламада.
Айта кетейік, Головкин-Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Қазірдің өзінде барлық билеттер сатылып кеткен. Уақыт айырмашылығына байланысты аталған жекпе-жек Қазақстанда 17 қыркүйек күні таңертең көрсетіледі.