12:17, 31 Наурыз 2009
Альянс Банкі The Banker журналының қорытындысы бойынша әлемдегі ең ірі қаржылық 500 брендтердің ішінен 381-ші орынды иеленді
АЛМАТЫ. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Жәзира Жаңабаева/ - Альянс Банкі The Banker журналының қорытындысы бойынша әлемдегі ең ірі қаржылық 500 брендтердің ішінен 381-ші орынды иеленді.
Өткен айда The Banker атты халықаралық қаржылық басылым әлемнің ең қымбат тұратын қаржылық брендтердің 500-дігін жарыққа шығарды. Бұл бренд құнын бағалайтын Brand Finance британдық тәуелсіз жетекші компаниялардың бірінің зерттеуіне негізделген қорытынды болды. Осы жолы рейтингке үш қазақстандық банк ? Альянс Банкі, Қазақстан Халық Банкі және Қазкоммерцбанк - тұңғыш рет ілікті.Альянс Банкі рейтингтің 381-ші орнын иеленді, Brand Finance компаниясының талдаушылары аталмыш бренд құнын 121 млн. АҚШ доллары көлемінде бағалады, мұндағы нарық капитализациясы1 601 млн. АҚШ долларына сәйкес келеді. Brand Finance шкаласы бойынша Альянс Банкі брендінің рейтингі ? «BBB». Ал Қазақстан Халық Банкі және Қазкоммерцбанк, өз кезегінде, рейтингтің сәйкесінше 400-ші және 487-ші орындарын алды.The Banker журналының 500 ең қымбат қаржылық брендтер бойынша рейтингтік қорытындысын жыл сайын Brand Finance компаниясы дайындайды. Осы жылы рейтингке әлемнің 63 елінің қаржылық институттары кірді. Сарапшылардың бренд құнын бағалауда негізге алатын басты көрсеткіштерге клиенттік база, қызметкерлер, бизнес серіктестер, мердігерлер және банк инвесторлары мен несие берушілері (кредиторлары) жатқызылады.