деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бас прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, банктің облыстағы филиалына қарашылық шабуыл жасалғаны жөнінде мәлімет Баянауыл аудандық ішкі істер бөліміне өткен жылдың ақпан айында түскен. Хабарды алысымен оқиға орнына жеткен жедел топ банк филиалының бөлмелерінің күл-талқаны шығып шашылып жатқандығын көрген. Ал банкте осы уақытта жұмыс істеп жатқан азаматтар белгісіз біреулердің филиалға қарулы шабуыл жасағандығын айтқан. Өйткені тап осы күні банкке инкассаторлар
ақша алып келулері қажет болған. Арнайы жүргізілген тексерулердің нәтижесінде филиалдан 12 миллион 803 мың 493 теңгенің қолды болғандығы анықталды. Осыған қарай аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Оқиға бойынша жүргізілген арнайы тергеу, тексеру шаралары банк филиалына ешқандай да қарақшылық шабуыл жасалмағандығын, ал қолды болған қаржыны банк қызметкерлерінің өздері жыл бойына жымқырып жоқ қылғандығы анықталған. Сөйтіп олар өздерінің кінәларын қарақшылық шабуылдың құрбаны болдық деген сылтауымен жуып-шаймақ болған. Осыған қарай өткен жылдың желтоқсан айында аталмыш қылмыстық істі тексеру жұмыстары аяқталып, прокуратура оны әр қарай қарау үшін Баянауыл аудандық сотына жолдаған.