деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Альянс, БТА және Темір банктердің қарызын қайта құрылымдауды сәтті үлгі деуге болады. Оны «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры банктермен бірлесіп жасады. Бұл БТА банкте 11,5 миллиард доллар, Альянс банкте 3,5 миллиард долар, Темір банкте 1 миллиард долларға жуық болды. Қайта құрылымдау кезінде кредиторларға жаңа құралдар берілді», дейді ҚР Премьер-Министрінің және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының кеңесшісі Марсия Фавале-Тартенр. Оның айтуынша, Үкімет банктерге қаржы салу арқылы кредиторлардан нақты инвесторға айналды. Соның арқасында банктер ірілене түсті.