Алабама штатының шіркеуіндегі атыс салдарынан қаза тапқандар бар

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Алабама штатындағы шіркеуде екі адам қаза тауып, біреуі жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі NBC News арнасына сілтеме жасап.
Оқиға бейсенбі күні кешке Джефферсон және Шелби округтерінде орналасқан Веставия-Хиллз қаласындағы Әулие Степанның епископтық шіркеуінде болған. Жалғыз күдікті діндарлардың шағын тобының шіркеу жиналысына кіріп келіп, оқ жаудырды.
Үш адам оқ жарақатын алды, екеуі қайтыс болды, үшіншісі ауруханада емделуде.
Күдіктінің жеке басы бірден анықталған жоқ. Оқ жаудырған күдікті қазір полицияның қамауында. Жүргізіліп жатқан тергеу шаралары аясында қылмыскердің әрекетінің себебі айтылмай отыр.