Алабамада төрт адам торнадо құрбаны болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Рехобет қаласында (Алабама штаты) алапат дауыл соқты, деп хабарлады Associated Press.

Қуатты торнадо салдарынан кем дегенде төрт адам ажал құшты.   

Штат губернаторы  Роберт Бентли адамдар өлімін растады.

Көптеген үйлер мен құрылыстар зақымданғаны атап өтіледі.

Бұдан басқа,   Луизиана және Миссисипи штаттарында  80 мыңға жуық адам  жарықсыз қалды.