«Алабино» полигонында Армиялық халықаралық ойындар-2019 сайысы басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Мәскеу облысының «Алабино» полигонында V Армиялық халықаралық ойындары - 2019 сайысының ресми ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Биылғы жылы ойындар тамыздың 3-і мен 17-і аралығында 10 мемлекеттің 21әскери полигонында, Каспий, Балтық теңіздері мен Парсы шығанағының суайдындарында өтеді.

Бұл ойындарды Ресей, Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Иран, Қытай,сондай-ақ алғаш рет Өзбекстан, Моңғолия және Үндістан өз жерлерінде өткізеді.Жылдан жылға қарай халықаралық ойындарға деген қызығушылық арта түсуде. Соныменбірге, қатысушы елдердің саны да ұлғаюда. Осы жылы үздік деген атаққа, жүлделіорындар мен марапатқа Азия, Еуропа, Африка, Орталық және Латын Американың 39елінен 223 команда бақ сынасатын болады.

Армиялық ойындардың бағдарламасына далалық, әуе және теңіз машығы бойынша32 байқау кіреді. Қазақстан командасы оның 16 байқауына қатысады. Өткенойындарда Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамасы көшбасшылар үштігінде болды.Биылғы жылы әскери қызметшілеріміз жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ниеттеніпотыр.


Салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Беларусь қорғанысминистрлері, сондай-ақ қатысушы елдердің ресми делегациялары қатысты.

Өткен жылдардың тәжірибесіне сүйенсек, әскери сайыстың көрермендері менәуесқойлары арасында «Танк биатлоны» көшбасшы болып табылатынын сеніммен айтуғаболады. Бір сөзбен айтқанда, танк экипаждарының алғашқы додасы 4 тамызда өтеді.Басқа байқаулар да қызықты. Олардыңәрқайсысының алаңында қызу әрі тартысты жарыс өтпек. Әскери ұшқыштар менбайланысшылар, дәрігерлер мен кинологтар, мергендер мен артиллерияшылар, аспазшылармен инженерлер, теңізшілер мен десантшылар өздерінің шеберліктерін паш ететінболады. Армиялық ойындар аясында Моңғолия аумағында алғаш рет «Ат марафоны»байқауы өтеді. Қатысушылар арасында біздің командамыз да бар.

7 тамызда Қазақстанда Армиялық халықаралық ойындар-2019 басталатынын айтакеткен жөн. Полигондарымызда«Артиллериялық оқ ату шеберлері», «Сұңқар аңшылығы» және «Сенімді қабылдау»атты үш байқау өтеді.


Армиялық халықаралық ойындар – бұлхалықаралық ауқымдағы айрықша іс-шара. Сайыс әртүрлі елдердің әскериқызметшілері арасында тәжірибе алмасу және іс жүзінде машықты жетілдіру алаңыболып табылады. Ойындар халықаралық әскери ынтымақтастықты нығайтуға себепкерболатыны сөзсіз.