Алакөл мемлекеттік табиғи саябағында 400 гектар аумақ отқа оранды - ҚР ТЖМ
08:03, 17 Қазан 2013
АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Алакөл мемлекеттік табиғи саябағындағы «Ат кескен» учаскесінде дала өрті болды,
деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Өртті сөндіруге Алакөл мемлекеттік саябағының 3 техникасы мен 14 адамы жұмылдырылды. Жалын 400 гектар аумақты шарпыды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.