Алакөл-Сасықкөл көлдері жүйесінің аймағында балық аулауға мораторий жұмыс істей бастады

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. 10 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Алакөл-Сасықкөл көлдері жүйесінің аймағында, сондай-ақ Алматы және Шығыс Қазақстан жағындағы барлық көлдердің бассейндерінде балық аулауға мораторий жұмыс істей бастады.

Алакөл балық аулау инспекциясынан хабарлағандай, бұл шектеулер мен тыйым салулар балық қорларын сақтау және оның өндірісін, уылдырық шашуды қалыпты өткізу мақсатымен өткізіліп отыр. Мораторий 1 маусымға дейін жұмыс істейді.

Бүгінде Алакөл, Сасықкөл және Қошқаркөл көлдерінде балық аулаумен 8 балық өндіру ұйымдары айналысуда. Өндірудің қазіргі жылдық шектеуі рекордтық төмен сан - 315,2 тоннаны құрады. Салыстыратын болсақ, өткен ғасырдың 70-ші жылдары Алакөл балық комбинаты жыл сайынғы балық аулауды 3 700 тоннаға дейін жеткізген болатын.

Тыйым салу кезеңінде барлық шағын кемелер жағада болады, аулаудың қолда бар құралдарын таңбалау өткізілді. АІІБ-нің қызметкерлерімен және табиғатты қорғау ұйымдарымен бірлесе отырып, рейдтік шараларды өткізу жоспары жасалды. 2012 жылдан бастап балық аулау инспекциясы 48 рейдті жүзеге асырып, бұзушыларға қатысты екі хаттама толтырылды.