Алакөл балық аулау инспекциясынан хабарлағандай, бұл шектеулер мен тыйым салулар балық қорларын сақтау және оның өндірісін, уылдырық шашуды қалыпты өткізу мақсатымен өткізіліп отыр. Мораторий 1 маусымға дейін жұмыс істейді.
Бүгінде Алакөл, Сасықкөл және Қошқаркөл көлдерінде балық аулаумен 8 балық өндіру ұйымдары айналысуда. Өндірудің қазіргі жылдық шектеуі рекордтық төмен сан - 315,2 тоннаны құрады. Салыстыратын болсақ, өткен ғасырдың 70-ші жылдары Алакөл балық комбинаты жыл сайынғы балық аулауды 3 700 тоннаға дейін жеткізген болатын.
Тыйым салу кезеңінде барлық шағын кемелер жағада болады, аулаудың қолда бар құралдарын таңбалау өткізілді. АІІБ-нің қызметкерлерімен және табиғатты қорғау ұйымдарымен бірлесе отырып, рейдтік шараларды өткізу жоспары жасалды. 2012 жылдан бастап балық аулау инспекциясы 48 рейдті жүзеге асырып, бұзушыларға қатысты екі хаттама толтырылды.