Алакөлде 14 адам, оның ішінде 8 бала құтқарылды

Фото: Абай облысы әкімдігі

СЕМЕЙ. KAZINFORM –  Абай облысы ТЖД құтқарушылары патрульдеу барысында жағалаудан 20 км қашықтықтағы аралда қалып қойған 14 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Қайықтың ақаулығы салдарынан топ өз бетінше жағаға шыға алмай жауын-шашын мен бұршақ астында қалып қойған. 

Жедел-құтқару жасағы барлық зардап шеккен адамдарды құрлыққа сәтті жеткізді. Медициналық көмек ешкімге қажет болмады.

— ТЖМ суға шықпас бұрын су көлігінің техникалық жағдайын мұқият тексеріп, қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады, — делінген ТЖМ хабарламасында.

Айта кетелік жаз шыққалы бері Алакөл жағасында 120-дан астам бала жоғалған.