ШҚО Төтеншежағдайлар департаментінің хабарлауынша, 56 жастағы ер адам Алакөлдің шомылуғаарналмаған тұсынан суға түскен.
«Қайғылы оқиғаболған жағалауда шомылуға тыйым салатын белгі орнатылған. Соған қарамастан, ерадам суға түскен. Оқыс оқиға туралы жергілікті учаскелік полиция инспекторыхабарлады. Сүңгуірлер бір сағат бойыіздеп, жағадан 30 метр қашықтықта 15 метр тереңдіктен суға кеткен адамныңденесін тапты», - делінген департаменттің ақпаратында.
Төтенше жағдайөкілдері демалыс күні Семей қаласында да осыған ұқсас жағдай болғанынайтады.
«Ертіс өзеніндегішығанақта 47 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Куәгерлердің айтуынша, марқұм өзеннің ортасынадейін жүзіп барып, қайта алмай қалған. Екі жағдайда да суға кеткен адамдар масболған», - делінген департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінде.
Шомылу маусымыбасталғаннан бері облыста 24 адам суға кеткен.