Алакөлде катер қағып кеткен әйел көз жұмды

Фото: Жетісу облысы әкімдігі

СЕМЕЙ. KAZINFORM — Абай облысындағы Алакөлде катер қаққан 63 жастағы әйел адамның қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Оқиға жағалаудан шамамен 200-250 метр қашықтықта болған. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел адам қауіпсіздік аймағынан асып, ары қарай жүзіп кеткен. Сол кезде келе жатқан катер оны байқамай қағып кеткен. Жарақаттың ауырлығынан зейнеткер оқиға орнында көз жұмды.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, катер тізгінінде болған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір қажетті сот-медициналық және техникалық сараптамалар тағайындалды.

— Су көлігін басқару және пайдалану ережелері бұзылуының адам өліміне әкеп соғуы фактісі бойынша Қылмыстық Кодексінің тиісті бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында уәкілетті органдардың қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады, — делінген ақпаратта.

Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-да қайықтан құлап кеткен адамның денесі табылғаны хабарланған