Өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28-ші наурыз күні Жайпақ ауылынан 5 шақырым жерде Алакөл көлінде жел күшейіп, балықшы тұрған жердегі мұз жарылған.
«ТЖД құтқарушылары болған оқиғадан хабардар болысымен бірден іздеу жұмыстарына кірісті. Бүгін сағат 14:54 кезінде құтқарушылар балықшының денесін судан алып шықты»,-делінген ТЖД баспасөз-баянында.
Осы ретте ТЖД өкілдері тап қазіргідей күн жылынған тұста мұздың өте жұқа және өте қауіпті екенін ескертті.
Осыған дейін Екібастұзда балық аулауға шыққан ер адамның суға батып кеткенін жазған болатынбыз.