Алакөл демалыс орнын патрульдеп жүрген әскери қызметшілер жағалаудан шамамен 50 метр қашықтықта, шомылуға тыйым салынған аумақта екі адамның суға батып бара жатқанын байқап қалған.
Әскери қызметшілер мен куәгерлер дереу көмекке ұмтылды. Белгілі болғандай, суға батып бара жатқандар — 1991 жылы туған әйел мен оның 2012 жылы туған қызы.
— Екеуін де су ағысы жағалаудан алыстатып әкеткен. Кәмелетке толмаған қыз аман-есен жағаға шығарылды. Өкінішке қарай, әйелді құтқару мүмкін болмады. Оқиға орнына келген жедел медициналық жәрдем қызметкерлері оның қайтыс болғанын растады, — деп хабарлады Абай облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, осыған дейін Алакөлде шомылу маусымы басталғалы бері 10 бала жоғалғаны хабарланған.