Алакөлде суға бата жаздаған 16 адам құтқарылды

Фото: None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Биыл Алакөлдің Алматы облысындағы аумағында суға батып кете жаздаған 16 адам құтқарылды. Алматы облыстық ТЖД қызметкерлері суға шомылу маусымының ең қызған шағында Алакөл көлінің жағалауында ауқымды алдын алу іс-шарасын ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақши және Көктұма ауылдарындағы демалушыларға судағықауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, жадынамалар таратылды. Адамдар көпшоғырланған жерлерде құтқару және суға батқан адамға алғашқы медициналық көмек қалай көрсету керектігі көрсетілді.


«Сондай-ақ алдын алу акциясы аясындақұтқарушылар Көктұма ауылындағы «Шағала» жазғы лагерінде болды. Онда 60 баладемалуда. Балалар құтқарушылар мен лагерь қызметкерлерінің бақылауымен күніне 2рет көлге шомылады. Облыстық ТЖД аппаратының қызметкерлері кезекті нұсқаудыөткізгеннен кейін және суда жүзе алмайтын балаларды анықтағаннан кейінбалаларды көлге апарып, жүзуді үйретті», - делінген аталған ведомствоныңбаспасөз қызметі таратқан ақпаратта.



Айта кетейік, Алакөлде демалатын туристер саны жылдан жылға артуда. Осығанбайланысты Алакөл өңірінің құтқару станциясының қызметкерлері күшейтілгенрежимге көшіп, жұмыс істейді. Құтқарушылар жүзеалмайтын адамдарға арнайы суға шомылатын балондарсыз көлге түспеуге кеңесбереді. Сондай-ақ, ішімдік ішіп, суға түспеуді ескертеді.


«Алакөл өңірінің құтқарушылары осы жылы 16 адамды құтқарды.Суға батқандардың біреуі — бала. Алакөлде адамдардың қаза болуы тіркелген жоқ», - деп толықтырды облыстық ТДЖ баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар