«Үржар АІІБ жергілікті полиция қызметкерлері 13 тамызда кешкі 19-00-де жол ережесін бұзып, демалыс аумағынан өткен барлық көліктерді анықтады. Заң бұзғаны үшін той кортежіне қатысқан - 7 көлік жүргізушісіне 14 әкімшілік хаттама толтырылды. Оларға қатысты 158 830 теңге әкімшілік айыппұл салынды», - деп хабарлады ІІД хабарламасында.
Еске салсақ, өткен демалыста Алакөл маңында және әлеуметтік желіде жұртшылықтың наразылығын тудырған жағдай болды. Той кортежі жағалауда демалушылардың жанынан өткенімен қоймай, орындықтарды құлатып кеткен. Оқиға видеоға түсіріліп, құқық қорғау органдарына берілген.