Алакөлдегі дельтаплан апаты: ұшқыштың куәлігі болмаған

Фото: Фото: Pixabay

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның авиация әкімшілігінің басшысы Каталин Раду Алакөлде дельтаплан апатына қатысты тергеудің қорытындысын жариялады.

Оның айтуынша, кейінгі кезде шағын авиация саласында көптеген сұрақ туындап жатыр. Бұл мәселені реттейтін заңнаманы сала субъектілері орындамай отыр. 

Каталин Радудың сөзіне қарағанда, дельтаплан иесі өз ұшағын азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне тіркемеген. Ұшақта жарамдылық сертификаты болмаған.

«Сонымен бірге, ұшқыштың ұшақты басқаруға қатысты тиісті құзыреті белгіленбеген. Атап айтқанда, оның ұшуға рұқсат беретін жарамды куәлігі болмаған», - деді ол Көлік министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Авиация әкімшілігінің басшысы шағын авиация саласындағы кейінгі оқиғалар негізінде жыл басынан басталған жоспардан тыс және жоспарлы тексерулер атқарылып жатқанын атап өтті. 

Еске салсақ, биыл шілде айында Алакөлге дельтаплан құлап, екі адам ауруханаға жеткізілді.