Алакөлдік кәсіпкерлер 20 жасанды тыныс алу аппаратын ауруханаға сыйға тартты

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Алакөл ауданының кәсіпкерлері 20 жасанды тыныс алу аппаратын ауруханаға сыйға тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні аудан кәсіпкерлері мен қайырымды азаматтары дертке шалдаққан науқастарға қолдау көрсетіп, бұл сынақты еңсеруге өздерінің зор үлестерін қосуда.


Осындай жомарт жүректі жандардың бірі «Ырыс« ШҚ мен «Айманбетов« ЖК басшысы Рыскелді Айманбетов аудандық ауруханаға жалпы құны 5 миллион тұратын 20 жасанды тыныс алу аппаратын сыйға тартып, ауруға шалдыққандарға көмегін тигізсін деген тілегін білдірді», - деді Алакөл ауданының әкімі Әлибек Жақанбаев.

Алматы облысында індетті жұқтырғандардың жалпы саны - 4828, оның 4202 жазылып шықты. 41 адам көз жұмды.