«Алакөл көлі бағытында ұзақтығы 763 шақырымды құрайтын «Талдықорған-Өскемен» автомобиль жолын қайта қалпына келтіру басталды. Бүгінгі күні бас мердігермен жолды толықтай жөндеу туралы келісімшартқа қол қойылды. Құрылыс жұмыстарын толықтай аяқтау 2021 жылға жоспарланып отыр. Жоба халықаралық қаржы институттарының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады», - делінген таратылған ақпаратта.
Айта кетерлігі, Алакөл жағалауындағы туризмнің өрістеуіне тигізер септігі мол бұл жолды қайта қалпына келтіру жұмыстарының басталатындығы туралы ақпарат шілде айында тараған болатын.