Алакөлге бара жатқан жолаушылар автобусы аударылды

Фото: None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдан Алакөл көліне демалушыларды жеткізбек болған автобус аударылды. Көлік ішінде 47 жолаушы болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жол-көлік оқиғасыАлматы-Өскемен тас жолының 462 шақырымында тіркелді. Автобустың ішінде 47 адам болған. Үш адамға медициналықкөмек қажет болды. Сол себепті, екі ер адам мен бір әйел Сарқан қаласыныңауруханасына жеткізілді. Аталған жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР ҚК 345-бабының 2-тармағына сәйкес сот алды тергеубасталды», - деді облыстықПолиция департаментінің баспасөз қызметі.

Анықталғандай, автобус Алматы облысының Көктұма ауылындағы Алакөл жағалауына демалушыларды жеткізбек болған. Полицейлердің мәліметінше, жолаушылар ары қарай сапарларын жалғастырған.

Айтакетейік, қазір Талдықорған-Өскемен тас жолында күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жолаушылар айналма жол арқылы қатынауда. Мәселен, бұғандейін талдықорғандықтар Алакөлге 5 сағатта жететін болса, қазір 11 сағат жол жүрулерінетура келуде. Алалматылықтар Алакөлге 8сағаттық жерге қазір 15сағат жол жүріп, жетіп жатқандарын айтады.

Соңғы жаңалықтар