Алакөлге бара жатып аударылған автобуста 17 адам зардап шеккен – әкімдік

Фото: None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматыдан Алакөлге барар жолда аударылған автобустан 17 адам зардап шеккен. Бұл жөнінде Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жол-көлікоқиғасында автобустағы 17 адам зардап шеккен. Оның бесеуі түрлі денежарақатымен ауруханаға жеткізілді. Екі науқас Қабанбай ауылындағы, ал тағы үшадам Сарқан қаласындағы ауруханаға жатқызылды», - деді Ғ. Жүкел.

Естеріңізге салакетейік, бұған дейін Алматы облысында Алакөлге бара жатқан автобустыңаударылғаны жөнінде хабарлаған болатынбыз. Жолаушыларды тасымалдаған көлікте 47адам болған.

Облыстық полициядепартаментінің мәліметінше, аталғанфакті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеужүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар