Алакөлге құбыр арқылы лай су ағызылып жатыр - туристер

Фото: None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысындағы Алакөл көліне құбыр арқылы лай су төгіліп жатыр. Қазір әлеуметтік желіге тараған видео халықтың наразалығын тудыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бейнежазбағы мәліметке сәйкес, көлге төгіліп жатқан судыңжағымсыз иісі бар.

«Міне бұл Алакөлдегі Ақши ауылы. Міне қараңыздар, жағымсызиісі бар су көлге төгіліпжатыр. Бұл канализацияның қалдығы. Иісі адам төзгісіз, жағымсыз. Міне көлдіосылай ластап жатыр. Қаншама адам жүр», - дейді бейнежазбаны түсіріп жүрген автор.

Ал Алакөл ауданының әкімдігі бұл мәселеге орай арнайыкомиссия құрылғанын жеткізді.

«Құрметті Алакөлауданының тұрғындары мен қонақтары! Бейнежазбада көрсетілген су «Көктем гранд»демалыс орнының бассейнінен аққан су екенін хабарлаймыз. Көлге ешқандай зияныжоқ. Аудан әкімдігінің қызметкерлері тарапынан аталған жерге барып, тексеружұмыстары жүргізілді. Өздеріңізге белгілі таралған бейнежазбада көрсетілген«Көктем Гранд» демалыс орнының бассейнінен көлге құйылып жатқансу мәселесі бойынша бүгін аудандық комиссия құрылды. Комиссия төрағасы ауданәкімінің орынбасары Айдын Чалкенов, құрамына аудандық денсаулық сақтаубасқармасы, экология, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үйинспекциясы бөлімі, «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы және аудандық кәсіпкерлікбөлімі мамандарымен қамтылды. Бұл мәселе бойынша қосымша ақпарат беріледі», -деді Алакөл ауданы әкімінің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар